$ 498.34  519.72  4.85

Елдің басым бөлігінде ауа райы бұзылады

Қызылорда облысының солтүстік бөлігінде түнде найзағай болады.
© Sputnik / Болат Шайхинов /
© Sputnik / Болат Шайхинов /

Қазгидромет 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қара теңіз аймақтарынан келетін циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Тек республиканың оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел күшейеді, батыста, солтүстікте, орталықта – найзағай, шығыста – тұман түседі, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болжанып отыр.

Дабылды ескерту

Астанада жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады.

Көкшетауда жел оңтүстік-шығыстан, кейде оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды ​​облысында түнде солтүстікте және шығыста оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Күндіз облыстың барлық ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, оңтүстікте кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстік бөлігінде түнде найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыс орталығында шаңды дауылды жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының шығысында және оңтүстігінде күндіз батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысының солтүстік және шығыс бөлігінде күндіз найзағай ойнайды, жел солтүстік-батыс және батыс бағытқа ауысады.

Ақтөбеде күндіз найзағай болжанып отыр. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай болады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз - найзағай. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады.

Ақмола облысында солтүстікте, батыста және оңтүстікте оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Найзағай болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары