Қазгидромет 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қара теңіз аймақтарынан келетін циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Тек республиканың оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел күшейеді, батыста, солтүстікте, орталықта – найзағай, шығыста – тұман түседі, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болжанып отыр.
Дабылды ескерту
Астанада жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады.
Көкшетауда жел оңтүстік-шығыстан, кейде оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысында түнде солтүстікте және шығыста оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Күндіз облыстың барлық ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, оңтүстікте кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылорда облысының солтүстік бөлігінде түнде найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыс орталығында шаңды дауылды жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысының шығысында және оңтүстігінде күндіз батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтөбе облысының солтүстік және шығыс бөлігінде күндіз найзағай ойнайды, жел солтүстік-батыс және батыс бағытқа ауысады.
Ақтөбеде күндіз найзағай болжанып отыр. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз - найзағай. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады.
Ақмола облысында солтүстікте, батыста және оңтүстікте оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Найзағай болуы мүмкін.