Алматы ҰҚКД бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Алмалы аудандық сотының үкімі бойынша Алматы ҰҚКД бұрынғы басшысы билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылғанын хабарлады (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі).
"Сот үкімі бойынша, М. мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға және ҰҚК генерал-майоры арнаулы атағынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады сотта. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
tengrinews.kz