Маңғыстау облысында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.
Жер сілкіністері Астана уақытымен сағат 13:25-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Шевченкодан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым, Шетпеден солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 10 шақырым тереңдікте.
Жер сілкінісінен кейін зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.