25.04.2023, 16:20

Көкшетауда бейіт маңынан адамның бас сүйегі салынған пакет табылды

Фото: Massaget.kz
Тұрғындар пакетті зират аумағын тазарту кезінде көрген.

Көкшетаулықтар ескі зират аумағынан пакетке салынған адамның сүйектерін тауып алды. Олардың шақыруымен оқиғаға орнына полицейлер барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, 24 сәуірде Көкшетау қалалық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны хабарласып, «Бармашино» шағын ауданындағы аллея маңында, ескі зират аумағында адамның сүйектері және бас сүйегінің сынықтары салынған пакет табылғанын айтты. Тұрғындар пакетті зират аумағын тазарту кезінде көрген.

«Шақырту орнына жедел-тергеу тобы барды. Тексеру кезінде сүйек қалдықтары табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметінен.