Махамбет ауданына қарасты Сары Өскембай жерінде мұнай көлшігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Махамбет ауданы әкімі Қайрат Нұрлыбаев бұл мұнай ағындысының Есбол округінен 40 шақырым қашықтықта, далада орын алғанын растады.
«Ақ Жайық» басылымының сауалына облыстық экология департаменті мынадай жауап қайтарған: «2021 жылдың 13 тамызында аудандық прокуратура, әкімшілік, полиция қызметкерлерімен бірлесіп, ластанған жерді анықтап және фондық топырақтан талдама жасауға сынамалар алынған. Нәтижесінде топырақ құрамында мұнай өнімдері көп мөлшерде екені белгілі болды. Бүгінде ластанған аумақтағы жер және ұңғыма мемлекет меншігінде».
Сонымен қатар, ведомство 2021 жылы ластанған аумақты тазалау және қоршау жөнінде хат жолдаған. Өткен жылы да тазарту жөнінде хат жіберілген. Алайда мұнай көлшігі жойылмаған. Қазіргі уақытта аумақты тазарту шаралары қолға алынуда.