26.04.2023, 15:40

«Полиэтилен пакетін парашют етіп ойнаған». Текеліде сегіз жастағы бала бесінші қабаттан секіріп кетті

Фото: Tengrinews.kz
Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.

Текеліде сегіз жасар бала бесінші қабаттың терезесінен полиэтилен пакетін парашют етіп ойнап жүріп, секіріп кетіп аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 25 сәуірде сағат 12:20-да болған.

"Үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала полиэтилен пакетін парашют ретінде пайдаланып, бесінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына арқасы көгерген, кішкентай жарықшақ диагнозымен жатқызылды", - делінген хабарламада.