$ 494.87  520.65  4.91

Антарктида қақ екіге бөлінуі мүмкін (ВИДЕО)

Антарктида материгі қақ ортасынан айырылып жатыр. Мәңгілік мұздық аталып кеткен құрлықта ұзындығы 40 шақырым болатын сызат пайда болған. Бұл туралы Life.ru порталы хабарлады.

Ұлыбританияның Антарктидалық басқармасының мамандары табиғи құбылысты әуеден бейнекамераға түсіріп алған. Олар бұл жайтты дабыл қағатын жағдай екенін айтуда. Салдарынан қазір Halley VI ұлттық станциясы уақытша жабылып қалды.

Портал мәліметінше, аталған сызаттан британдық ғалымдардың станциясына дейінгі аралық небәрі 17 шақырымды құрайды. Мамандар материк әрі қарай да жарыла беруі мүмкін екенін айтып отыр. Әзірге мұздықтың екіге айрылуы не себептен болғаны белгісіз. Оған жаһандық жылынудың қатысы бар-жоғы енді анықталатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары