$ 498.34  519.72  4.85

Шахмат: Ян Непомнящий - Дин Лижэнь 14-партияда тең түсті

Ойын барысында қытайлық шахматшы қателікке бой алдырды.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Астана қаласында өтіп жатқан әлемдік шахмат тәжі үшін Ян Непомнящий - Дин Лижэнь кездесуінің он төртінші партиясы тең аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жарыс ережесі бойынша 14-партияда жеңімпаз анықталуы тиіс еді. Алайда қос қарсылас арасында бұған дейін 6,5:6,5 есебімен тең нәтиже сақталып тұрды.

Сондықтан олардың бірі жеңіске жеткен жағдайда чемпиондық атаққа қол жеткізетін.

Ойын барысында қытайлық шахматшы қателікке бой алдырды. Оны Ян Непомнящий сәтті пайдалана алған жоқ. Нәтижесінде тең нәтиже тіркелді. Қорытынды есеп - 7:7.

Ертең, 30 сәуірде Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасында тай-брейк өткізіліп, жеңімпаз анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары