30.04.2023, 11:30

Риддерде жылыту маусымы ұзартылатын болды

Фото: pixabay
Шамамен 3 мамырға дейін созылуы мүмкін.

Риддер қаласындағы жылыту маусымы сәуір айында аяқталмайтын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Риддерде өткен жылдың күзінде басталған жылыту маусымы сәуірдің 29-ында аяқталады деп жоспарланған болатын. Алайда ауа температурасының төмендеп кетуіне байланысты шегеріліп отыр.

"Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері ауа температурасы күрт суытады. Сондықтан жылыту маусымы әзірге аяқталмайды. Шамамен 3 мамырға дейін созылуы мүмкін", - деп хабарлады жылу электр орталығынан.