30.04.2023, 22:30

Жамбыл облысын су басты

Фото: pixabay
Тұрғындармен әңгімелесу жүргізілуде.

30 сәуірде сағат таңғы 5.30 шамасында Исмаил каналының 1,2 шақырымында, яғни Жамбыл ауданы, «Дорожник» саяжайы, Горный көшесінің тұсында судың жағалауды жырып кетуі орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Каналдың шайылған жағасының ені 15 метрді, биіктігі 18 метрді құрайды. Оқиға орын алған кезде каналда 1,2 текше метр су болған.

«Судың 7 үйдің ауласына, 1 үйдің жертөлесіне кіргендігі анықталды. Қазіргі кезде су жабылып, қалпына келтіру, аулаларды тазарту жұмыстары басталып кетті.

Оқиға орнында 6 мотопомпа, 10 техника, 27 адам жұмыс істеуде. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек оқи орнына барып, жағдаймен танысты», - деп жазды жергілікті әкімдіктен ҚазАқпарат тілшісіне.

Тұрғындармен әңгімелесу жүргізілуде. 30 адам қауіпсіз жерлерге шығарылды. Арнайы комиссиямен шығындарды есептеу, төлеу жұмыстары жүргізіледі.