01.05.2023, 10:30

Ангелина Лукас WBC International тұжырымы бойынша чемпион атанды

Фото: sports.kz
26 жастағы Лукас үшін бұл кәсіби рингтегі төртінші жекпе-жек болды.

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Ыстамбулдағы (Түркия) жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуде жеңіске жетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшының қарсыласы мексикалық Ана Аррасола болды. Жекпе-жек әрқайсысы екі минуттық 10 раундқа есептелді. Кейін төрешілер жеңісті Лукасқа берді.

Нәтижесінде қазақстандық жекпе-жекте бақ сынаған WBC International тұжырымы бойынша бос титулды жеңіп алды.

26 жастағы Лукас үшін бұл кәсіби рингтегі төртінші жекпе-жек болды. Боксшыда төрт жеңіс бар. Оның екеуі нокаутпен. Ал 43 жастағы Аррасоланың 28 жеңісі, үш тең ​​ойыны және осымен 17-ші жеңілісі бар.