Тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлады eKaraganda.kz.
Федоров су қоймасынан әйелдің денесін өтіп бара жатқан адамдар тауып алып, полиция шақырған.
Белгілі болғандай, әйелдің денесінен зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмаған. Алдын ала болжам бойынша, суға батып кеткен.
Сәуір айының соңғы күндері Қарағандыда ауа райы жаздағыдай жылы болды. Полицейлер әйелдің өлімінің себебін сот-медициналық сараптама белгілейтінін айтып отыр.
"Зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің мәйітін табу фактісі полицияға тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір марқұмның жеке басы, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.