01.05.2023, 14:30

Алматыда Ұлттық қауісіздік академиясының курсанты суицид жасады

Фото: abai.kz
Бұл ақпаратты ҰҚК растады.

Әлеуметтік желілерде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанты өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты ҰҚК растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Академия жатақханасында 3-оқу жылы курсантының денесі табылды.

«Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру. Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметнінің хабарламасында.

Комитет өкілдері марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.