01.05.2023, 21:30

Жетісуда көпірден секірген қыз құбырға ілініп қалды

Фото: pixabay.com
25 жастағы қыз көпірдің астындағы құбырға ілініп, асылып тұрды.

Жетісу облысында Қаратал өзені арқылы өтетін көпірден секірген қыз құбырға ілініп қалды, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Бүгін полиция бөліміне хабарласқан ер адам суицид жасайын деп тұрған қыз туралы айтқан. Кезекші бірден жақын жерде жүрген патрульдік экипажға хабар береді. Олар оқиға орнына шұғыл барған. Полицияға түскен ақпарат расталды. 25 жастағы қыз көпірдің астындағы құбырға ілініп, асылып тұрды. "Сол жерден өтіп бара жатқан ер адам полицейлерге қызды алып шығуға көмектесті. Оны кезекші бөлімге жеткізді. Медициналық көмектің қажеті болмады", - дейді тәртіп сақшылары.

Полицейлер суицид жасамақшы болған қызбен сөйлескеннен кейін туыстарына тапсырды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер: көпір Жетісу