Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні қазақстандық Сағындық Тоғамбай мен Санатәлі Төлтаев рингке шығады деп хабарлады ҚазАқпарат.
Астана уақытымен сағат 14.00-де басталатын күндізгі сессияда Сағындық Тоғамбай өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшы 86 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Конго өкілі Натан Нланду Мбелимен шеберлік байқасады.
Сағат 19.00-де басталатын кешкі сессияда Санатәлі Төлтаев 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/32 финалда бақ сынайды. Оның қарсыласы – израильдік Ахмад Штиви.
Әлем чемпионаты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.