$ 443.44  480.51  4.88

Шымкентте көпқабатты үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды

Мәйіт қоқыс жәшігінің жанында жатқан.
© AFP 2023 / SANJAY KANOJIA
© AFP 2023 / SANJAY KANOJIA

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан ер адамның денесі табылды. Белгілі болғандай, оқиға 1 мамырда болған.

«Ерімбетов көшесінің бойындағы үйлердің тұрғындары 39 жастағы ер адамның денесін тапқан. Мәйіт ауладағы қоқыс жәшігінің жанында жатқан. Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ», - деп хабарлайды Otyrar.kz Telegram арнасы.

Оқиға орнына келген полицейлер мәйітте зорлық-зомбылық белгілері бар-жоғын тексерді. Дегенмен адам өлімінің нақты себебі әлі нақты анықталған жоқ. ⠀

«Құқық қорғау органдары марқұмның жеке басын анықтады. Ол Қазақстан азаматтығын алған Өзбекстан тумасы, 1984 жылы туған ер адам болып шықты. Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары