02.05.2023, 12:00

«Кинодағыдай»: Ақмола облысында қылмыскерлер зергерлік дүкеннің еденін тесіп тонаған (ВИДЕО)

фото: tengrinews.kz
Облыстық полицияның баспасөз қызметі ұрлық дерегін растады.

Ақмола облысында қылмыскерлер зергерлік дүкеннің еденін тесіп тонаған,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл видео Instagram-парақшалардың бірінде пайда болды. Онда қарақшылар дүкендегі барлық бағалы затты тонап, еденді тесіп шыққаны көрінеді.

"Бүгін түнде қалалық базар маңындағы "Золотинка" зергерлік дүкені тоналды. Сөрелерде ештеңе қалмаған. Шамамен жүз миллионнан аса шығын болуы мүмкін. Облыстық полицияның баспасөз қызметі ұрлық дерегін растады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Толық мәлімет кейінірек беріледі", - делінген жазбада.

Желі қолданушылары дүкенде күзеттің жоғына таңғалып пікір қалдырған.

"Мынадай жерлерде күзет түні бойы жұмыс істеу керек емес пе? Міне, жауабы. Мынадай жерлерді түні бойы күзету керек. Тіпті шағын ломбардтарда да күзет бар. Тым болмаса, қозғалыс датчигі немесе дабыл болуы керек қой. Сұмдық, әрине, бірақ қалай ойлап тапқан", "Ұзақ дайындалғаны көрініп тұр", "Келісіп алған сияқты, әйтпесе ештеңе сынбаған ғой", "Кинодағыдай", - деп жазған олар.

Сондай-ақ басылым авторлары Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұрлық дерегін растағанын, тергеу басталғанын атып өткен.