02.05.2023, 13:00

Газ зауытындағы алапат өрт: қылмыстық іс қозғалды

Фото: pixabay
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев мәлім етті.

Ақтөбе облысының Жаңажол кен орнында газ зауытында болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев мәлім етті.

«Семсер» ЖШС-нің өрт сөндірушілері оқиға орнына 3 минуттың ішінде жетті. Оның ішінде 4 техника, 20 адам. Олар өрттің шығу себептерін анықтамас бұрын гидранттарға көліктерді қойып, оларды суыту жұмыстарын бастады. Облыстық ТЖД-ға хабар келгеннен кейін Мұғалжар, Темір аудандары мен Ақтөбе қаласынан техника жіберілді. Өзіміз тікұшақпен сағат 05:00-де ұшып келдік. Өрт таңғы сағат 06:20-да толық сөндірілді. Қазір себептері анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды. Біріншіден, күйік шалған адамдардың сауығып кетуін тілейміз. Солар арқылы өрттің шығу себебі анықталады»,- деді ТЖД бастығы.