Станислав Канкуров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қаласы мәслихатының депутаты А.Башинскаяның Facebook-те дау тудырған пікіріне қатысты хабарлама жариялады.
"Қадірлі әлеумет! Алматы қаласы мәслихатының депутаты А.Башинскаяның Facebook-те дау тудырған пікіріне қатысты хабарлама.
А.Башинскаяның бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді. «AMANAT» партиясы өзге елдердің саясатына араласпайды.
А.Башинская абайсызда қателікпен жазылған пікірі үшін өз тарапынан кешірім сұрады. Дегенмен, айтылған сөздің ауыртпалығы мен оның саяси астарын ескере отырып, бұл мәселені партия бей-жай қалдырмайды.
Мәселені тез арада партияның тиісті құрылымдарында қарастыратын боламыз.
Әрбір жергілікті мәслихат депутаты өзі тұрып жатқан мемлекеттің мүддесін басты орынға қоюы тиіс", - дейді ол.