Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: "Даму үшін Бірлік-біздің үдемелі прогресс формуласы, біздің жалпыхалықтық ұранымыз. Біз көзқарастар мен сенімдердегі айырмашылықтарға қарамастан бір-бірімізді қабылдап, түсінуіміз керек". Сонда ғана бірге жаңа әділ Қазақстанды құруға болады. Сонымен қатар, бытыраңқылық — хаос пен өзін-өзі жоюдың сөзсіз жолы.
Осы өзгермейтін заңдылықты үнемі еске салу ретінде "Жана адамдардың" белсенділері Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай "Бірлік көпірі" мадоннариін құрды. Каллиграф Тамерлан Кияров каллиграфиялық суретте Қазақстанда тұратын 50 халық пен этникалық топтардың аттарын біріктірді. 7 метрлік кескіндер Республика халықтарының көпмәдениетті әртүрлілігі мен бірлігін білдіретін концентрлі шеңберлерден тұрады. Композицияның орталығында баршамызға жаңа әділ Қазақстанның қағидаттарын еске салатын "Бірлік" және "Ынтымақ" сөздері бар.
Жаңа адамдар белсендісі Сидоренко Алина: Біз жаңа арт-объект туристер мен Астана тұрғындарының тартылыс нүктесіне айналады, сондай-ақ жастардың мәдени, саяси және шығармашылық ағартуына ықпал етеді деп сенеміз. Бейненің ортасында біз "Бірлік" және "Ынтымақ" сөздерін орналыстырып, олардынң айналысында әр түрлі халықтар мен этностардың атауын орналастырдық. Өз мығынысында ол бір шаңырақ астында, бір дастархан басында біз бәріміз бірге өмір сүре аламыз білдіреді, сондықтан да мадоннари бізде шеңбер түрінде бейнеленген.