Елордалық Жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, қаланың бағдарлық желісін оңтайландыру аясында 2017 жылдың 23 қаңтарынан бастап № 29 және № 76 бағдарлардың қозғалыс сызбанұсқасына келесідей ішінара өзгерістер енгізілетін болады.
№29-бағдар соңғы «Дархан» балабақшасы аялдамасынан – «Астана-Қарағанды тас жолы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Төлебаев көшесіне бұрылмай, Абылай хан даңғылының бойымен жүреді.
Кері бағытта өзгеріссіз деп мәлімдеді Астана қалалық әкімдігінің ресми сайты.