$ 498.34  519.72  4.85

Елордада жатақхана өртенді

Алдын ала мәлімет бойынша әйел адам орташа дәрежелі көміртегі тотығымен уланған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Елордада өрт сөндірушілер өртенген жатақханадан 4 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Бүгін сағат 13.01-де өрт сөндіру қызметіне Тайсойған көшесі, 10 мекенжайындағы жатақханадан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде бірнеше бөлменің жанып жатқаны, өрттің төбе жабыны мен шатырға өткені анықталды.

Елордалық өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жатақханадан мүгедек әйел құтқарылды, ол 103 медицина қызметкерлеріне табыс етілді»,-делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша әйел адам орташа дәрежелі көміртегі тотығымен уланған. Сонымен қатар өрт сөндірушілер өрт орнынан 4 газ баллонын алып шықты.

Өрт сағат 15.25-те жойылды. Қайтыс болғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 23 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары