$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстандағы тәжік гастарбайтерлерінің саны күрт артқан

2016 жылы Қазақстанға Тәжікстаннан келген еңбек мигранттарының саны 2015 жылмен салыстырғанда 13 пайызға артқан. Бұл туралы Avesta.Tj порталы жазды.

Тәжік гастарбайтерлерінің миграциясы жайында елдің Еңбек, көші-қон және халықты жұмыспен қамту министрі Сумангул Тагойзода баяндады. Оның айтуынша, былтыр Қазақстанға 12,4 мың тәжік жұмыс істеу үшін келген.

Жалпы, былтыр 517 мыңнан астам тәжік азаматы Тәжікстаннан өзге мемлекеттерге гастарбайтер ретінде кеткен. Олардың 504,9 мыңы Ресейге барып еңбек етуде. Елден кеткен мигранттар саны 2015 жылмен салыстырғанда 6 пайызға кемігені анықталып отыр.

Сонымен қатар, министрдің мәліметінше, 2016 жылы елге 437 мың тәжік қайта оралған. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 12 пайызға жоғары. Олардың оралуына Ресейдегі қақаған қыс, балалардың демалысы, маусымдық жұмыстардың аяқталуы себеп болып отыр дейді Тагойзода.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары