03.05.2023, 17:00

Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер айқасы тікелей эфирде көрсетіледі

Фото: gettyimages.com
Жекпе-жек 14 мамыр күні Қазақстан уақытымен таңертең өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлер орта салмақтағы WBO әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен канадалық Стивен Батлердің (32-3-1, 26 КО) айқасын тікелей эфирден тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Стоктандағы (АҚШ, Калифорния штаты) жекпе-жек 14 мамыр күні Қазақстан уақытымен таңертең өтеді. Тікелей көрсетілімді «Хабар» телеарнасы ұйымдастырады. Басталуы Астана уақытымен 07.00-де.

Бұл - Жәнібектің титулын екінші рет қорғауы. Бұған дейін ол 2022 жылы қарашада төрешілердің бірауыз шешімімен британдық боксшы Дензел Бентлиді (18-2-1, 15 КО) жеңген болатын.