Талғат Сырымбетов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жекпе-жегінен кейін сұхбат беріп, көрерменнен кешірім сұрады деп хабарлады turkystan.kz.
«Өкінішке қарай, бүгін жеңіліс таптым. Төрешілердің шешімі туралы ештеңе айта алмаймын. Себебі жекпе-жек өтіп қойды. Өзімнің ұтылғанымды еркекше мойындаймын. …Қазақ елінен, теледидар алдында отырған ата-анамнан кешірім сұраймын. Үмітті ақтай алмадым. Енді бұдан күшті болып оралатыныма сенімдімін», – деді боксшы.
Отандасымыз бүгін иорданиялық Мұхамед Абу-Джаджехтпен жұдырықтасып,есе жіберген еді.