04.05.2023, 11:00

Алматыдағы пәтерлердің бірінен арыстанның екі күшігі табылды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот
Атап айтқанда арыстанның 5 айлық екі күшігін заңсыз ұстаған 2001 жылы туған азамат А.-ны әшкерелеген.

Алматылық тұрғын арыстанның екі күшігін заңсыз асыраған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ПД өкілдерінің мәліметінше, 4 мамырда Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда арыстанның 5 айлық екі күшігін заңсыз ұстаған 2001 жылы туған азамат А.-ны әшкерелеген. 

"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі ("Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды заңсыз ұстау") бойынша қылмыстық құқықбұзушылық негізінде Қарасай ауданы бойынша тіркелді", - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Дерек бойынша қылмыстық істің толық және жан-жақты тергеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.