Ел азаматтарына зейнетақы жинағын шағын және орта бизнеске салуға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осылайша қаржыны инвестициялау мүмкіндігін кеңейтуді ұсынды. Жаңа ереже қоғам талқылауына шығарылды. Талап мынадай: шағын және орта бизнестің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі керек. Сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлік қоры мен Қазақстанның Даму банкінің кепілдігі болуы қажет. Ол бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50% жабуға тиіс. Сонымен қатар Қаржы агенттігі отандық брокерлерге шот ашу үшін шетелдік есеп айырысу ұйымдарының тізімін кеңейтуді ұсынып отыр.