05.05.2023, 15:00

Серік Теміржанов бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Айта кетейік, Серік Теміржанов 2021 жылғы Әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия біріншілігінің жүлдегері.

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Серік Теміржанов алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандық боксшы 1/16 финалда Мали өкілі Абдул Карим Батилимен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте Серік Теміржанов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Есеп 5:0.

Осылайша, қазақстандық боксшы Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің келесі кезеңіне жолдама алып отыр. Айта кетейік, Серік Теміржанов 2021 жылғы Әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия біріншілігінің жүлдегері.