05.05.2023, 16:45

Президент әскердегі технологиялық жаңғыртуға қатысты тапсырма берді

Фото: pixabay
Осы орайда Президент маңызды міндет ретінде озық ақпараттық жүйелер мен технологияларды енгізу қажет екенін айтты.

Бүгін елордада Бүкілармиялық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскердегі технологиялық жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заманауи қару-жарақ пен техниканың, әсіресе, дәлдігі жоғары қару-жарақтардың, ұшқышсыз ұшақтар мен роботтық жүйелердің үлесін арттыру қажет. Әскерлердің ұтқырлығын арттыру үшін әскери-көлік авиациясы мен жауынгерлік машиналар паркін ұлғайту керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент маңызды міндет ретінде озық ақпараттық жүйелер мен технологияларды енгізу қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы шешім қабылдау тиімділігін арттыруға және жауынгерлік бөлімшелердің әлеуетін арттыруға ерекше назар аудару керек екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде әскерлерді қолданудың тиімділігін әдеуір арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Бүкілармиялық кеңестің отырысы басталды.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 250 әскери қызметші Африкадағы миссияға дайындалып жатқанын айтты.