$ 443.44  480.51  4.88

Түркістан облысында қатты жел колледждің шатырын жұлып әкетті

Ал Шымкентте Әл-Фараби ауданында қатты желдің салдарынан ағаш көліктің үстіне құлады.
Фото: kyn.kz
Фото: kyn.kz

Түркістан облысының Кентау қаласында қатты жел политехникалық колледждің шатырын ұшырып әкетті.

Шатыр құлаған кезде көршілес құрылыс, қоршаулар мен «Қазақтелеком» АҚ ғимаратына зақым келді, деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаменті.

Кентауда желдің жылдамдығы секундына 26 метрге жетті. Ауа райының қолайсыздығынан электр желілері істен шықты, 15 822 абонент электр қуатынан ажыратылды.

Ал Шымкентте Әл-Фараби ауданында қатты желдің салдарынан ағаш көліктің үстіне құлады. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұған дейін «Қазгидромет» Түркістан облысында жел күшейетіні туралы дабылды ескерту жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары