Ақтауда жас жігіт суицид жасады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полицияның кезекші бөліміне таңғы сағат 7:20-да хабарлама түскен. "102 кезекшінің пультіне 4-шағын ауданда жас жігіттің биіктен құлағаны туралы қоңырау түсті. Жедел тергеу тобы шақыруға шықты. Жағдайды анықтау барысында жас жігіт 6-қабаттан құлағаны белгілі болды", - дейді ПД баспасөз қызметі.
Бұл факт ҚР ҚК 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша полицияда тіркелді. Тергеу басталды.