Қазгидромет мамандары 6 мамыр, сенбіде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 2 градус үсік жүреді.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Жамбыл облысыныңсолтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында - 15-20, екпіні - 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-шығысында кей уақыттарда жел қарқыны 30 м/с асады.
Күндіз Түркістан облысыныңоңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Шымкентте күннің екінші жартысында күн күркірейді. Шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20, түнде кей уақытта - 23 м/с.
Күндіз Абай облысыныңбатысында, оңтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші - 15-20 м/с.
Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, зжел қарқыны 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл соғады. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде желдің күші - 15-20, облыстың орталығында, шығысында екпіні - 23-28 м/с, күндіз облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с, күндіз Жалаңашкөл ауданында - 28 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел соғады, екпіні күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.