Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтыншыжарыс күні, 6 мамырда ел құрамасынан екі боксшы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық екі боксшы да елорда уақытымен 15:00-де басталатын күндізгі сессияда сынға түседі.
Б рингіндегі үшінші жұпта 1/16 финалда Дулат Бекбауов (67 келі) румыниялық Андрей Мустетпен кездеседі.
Ал ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) оныншы жұпта 1/16 финалда Тринидада және Тобаго елінен келген Аарон Принспен қолғап түйістіреді.
Айта кетсек, әлем чемпионатында ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) ертерек жарыс жолынан шығып қалды.