$ 498.34  519.72  4.85

Көшеде пышақпен жүрген Қызылжар тұрғыны ұсталды

Қолындағы ас үй пышағы тәркіленді.
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Павлодар полициясы қолына пышақ алып, көше кезген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Рolisia.kz. 

6 мамырда Павлодар қаласының полициясына Академик Сатбаев көшесіндегі сауда үйінің жанында ер адам пышақпен жүргені туралы хабарлама түсті.

Бұл факті Павлодар қаласының Солтүстік Полиция бөлімінде тіркелді.

Көрсетілген мекенжайға дереу түрде автопатрульдер мен тергеу-жедел тобы жіберілді.

39 жастағы ер адам ұсталып, жеке басы анықталды. Қолындағы ас үй пышағы тәркіленді», - делінген мәліметте.

Полиция қызметкерлері медициналық куәландыру жасау үшін ер адамды денсаулық сақтау мекемесіне жеткізді.

«Нәтижесінде, ер адам мас күйінде болғаны анықталды. Полиция ер адамды Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына апарды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр», - делінген ұсынылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары