06.05.2023, 17:30

Бокстан ӘЧ: Дулат Бекбауов келесі айналымға өтті

Фото: inform. kz
Төрешілер есебі – 5:0.

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов келесі айналымға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 67 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда румыниялық Андрей Мустетпен жұдырықтасты.

Белгілі бапкер Нұрлан Ақүрпековтің шәкірті Дулат Бекбауов алғашқы екі раундта қарсыласынан басым көрінді. Үшінші кезеңде де ештеңе өзгерген жоқ. Төрешілер есебі – 5:0.

Осылайша, Д.Бекбауов 1/8 финалға жолдама алды.

Бүгін сондай-ақ Қазақстан бокс құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов те рингке шығады.