$ 498.34  519.72  4.85

Солтүстік Қазақстан облысында браконьер-полицей ұсталды

Полиция қызметкерінен заңсыз ауланған жабайы қоныс аударатын қаздардың 31 ұшасы,  2 бірлік моторлы қайық, 3 бірлік 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленген.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан полиция қызметкері ұсталды.

Экология министрлігінің мәліметінше, 6 мамырда сағат 13-00 шамасында "Сапсан" жедел тобы мен Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізген. Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Киалы ауылдық округінің Барыкөл ауылының маңындағы “Шағлытеңгіз" көлінің жағасында жабайы құстарды (қаздарды) рұқсат құжаттарынсыз, заңсыз аулағаны үшін Петропавл қаласының 4 тұрғыны ұсталды, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкері бар.

Аталған азаматтардан және полиция қызметкерінен заңсыз ауланған жабайы қоныс аударатын қаздардың 31 ұшасы,  2 бірлік моторлы қайық, 3 бірлік 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленген.

“31 жабайы қазды заңсыз ату нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 800 000 (алдын ала есептеу бойынша) теңгені құрады. Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта оқиға орнын тексеріп, тергеу іс-шаралары жүргізілуде”, – деп қосты аталған министрлік.

Заңсыз аң аулау фактісі 2023 жылғы 6 мамырдағы № 235958031000044 Аққайың ауданының СДТБД-де ҚК-тің 337-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді (адамдар тобымен жасаған заңсыз аңшылық). Қылмыстық қудалау органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары