07.05.2023, 14:30

Астанада көршілер 3-қабаттан құлаған екі жасар қызды қағып алды

Фото: BAQ.KZ.
Анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған кезде үйде отырған әкесі баланың терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай қалған.

6 мамыр күні Астана қаласы Байтұрсынов 37 көшесінде 2021 жылы туған қыз үлкен адамдардың қарауынсыз қалып, 7 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған кезде үйде отырған әкесі баланың терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай қалған.

Көршілері сыртта құлайын деп тұрған баланы уақтылы көріп қалып, көрпе жайып тұрып баланы қағып алады.

ТЖМ мәліметінше, қыз бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа дәрежеде.