Кәсіпқой бокстан Гвадалахарада (Мексика) өткен бокс кешінде WBA Super, WBC, IBF және WBO тұжырымдары бойынша 2-ші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес (59-2-2, 39 KO) жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс Сауль Альварес WBO тұжырымы бойынша 2-ші орта салмақта уақытша әлем чемпионы британдық Джон Райдермен (31-5, 17 KO) 12-раунд бойы ашық шайқас көрсетті. Жекпе-жек барысында мексикалық боксшы қарсыласын нокдаунға да жіберді.
Сауль Альварес — 459 соққы жұмсап, 179 рет дәл тигізді.
Джон Райдер — 457 соққы жұмсап, 80 рет дәл тигізді.
Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 120-107, 118-109, 118-109 есебімен жеңісті Сауль Альвареске берді.
Айта кетейік, Джон Райдер бұған дейінгі жекпе-жекте аутсайдер саналса да, Дэниэль Джейкобс, Зак Паркер сынды боксшылардан басым түскен болатын.
Енді Сауль Альварес күзде Қырғызстанның тумасы Дмитрий Биволмен (21-0, 11 KO) реванш өткізеді.