$ 498.34  519.72  4.85

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазгидрометтің синоптиктері алдағы үш тәулікке – Жеңіс күнінен бастап жұмыс аптасының соңына дейін ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстігінде және орталығында атмосфералық қысымның жоғарылауына қарамастан, республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Республиканың басым бөлігіне әлі де атмосфералық ағымдар әсер етеді, ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін.

Жеңіс күні атмосфералық қысым Қазақстанның оңтүстігінде, орталығында жоғарылайды. Күн ашық болады, ауа температурасы көтеріледі.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары