09.05.2023, 11:30

Астанадан ұшып шыққан ұшақ шұғыл қонды

фото: pixabay.com
Қою тұманға байланысты Атырауға шұғыл қонды.

Астана-Ақтау рейсі бойынша көтерілген FlyArystan әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Атырауға шұғыл қонды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"FlyArystan 08.05.2023 жылы сағат 23:30-да ұшатын Астана-Ақтау KS7375 рейсі Ақтаудағы қолайсыз ауа райына, атап айтқанда, қою тұманға байланысты Атырауға шұғыл қонды. Атыраудан ұшып шығу жергілікті уақыт бойынша 09.05.23 сағат 06:40-та жоспарланған", - делінген хабарламада.

Бұл жағдайда рейстің кешігу себебі әуекомпания кінәсінен емес және бақылаудан тыс болды, деп түсіндірді FlyArystan.