Қарағанды облысындағы Зойка атты сиыр жергілікті фотографтың арқасында әлемге әйгілі Vogue сән журналының бетіне шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сән әлеміндегі ең көне басылым аптасына бір рет кез келген фотографтан екі фотосуретті қабылдайды.
"Олар жай ғана әдемі, жылтыр суретті қабылдамайды. Меніңше, оларға фотоның атмосферасы ұнады. Оны "Қыс" деп атадым. Себі сурет қыс мезгілін дәл жеткізеді", - дейді суреттің авторы, фотосурет мамандығы бойынша дипломы бар журналист Карина Кирина.
Карина балалар мен жануарларды суретке түсіргенді ұнатады. Қар басқан қызыл сиырды көріп, қасынан өте алмай қаған.