Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, өзара құрмет пен екі ел халықтарының мүддесіне негізделген сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңызды бағыттары бойынша серіктестікті одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді.