10.05.2023, 07:30

Маңғыстауда жаңа туған сәбиін сатқан әйел ұсталды

фото: polisia.kz
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жаңа туған нәрестені саудалау фактісі бойынша жедел ақпарат келіп түсті деп хабарлады Polisia.kz. 

4 мамыр күні сағат 13:00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады.

Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.

Осы дерек бойынша Маңғыстау облысы ПД-де ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерден мойындау жауаптары алынды.