$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында оқушы суға батып кетті

Қасында болған құрбысы оның ойнап жүріп, абайсызда суға батып кеткенін айтқан.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Түркістан облысында 4-сынып оқушысы абайсызда канал суына батып кетіп, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.

Оқыс оқиға Келес ауданының Абай ауылында болған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 жастағы қыз 8 мамыр күні сағат 17:10-да «Ошақты» каналына құлап кеткен. Қасында болған құрбысы оның ойнап жүріп, абайсызда суға батып кеткенін айтқан.

«Жасөспірімді іздеу шараларына ТЖД ЖҚЖ-ның 6 құтқарушы, 1 жүзу құралы және 1 бірлік техника және ТЖД (6 қызметкер және 2 бірлік техника), ЖАО (4 жұмысшы, 1 бірлік техника және 2 жүзу құралы) жұмылдырылды. Сондай-ақ жасөспірімнің туыстары (12 адам), ПД (8 қызметкер және 2 бірлік техника) қатысты. Нәтижесінде кешкі сағат 21:20-да ТЖД туыстарының күшімен қыз баланың мәйіті құлаған жерінен төмен қарай 5 шақырым жерден табылып, судан шығарылды»,- делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары