$ 498.34  519.72  4.85

Вице-министр «шаршап-шалдығып» жүретін полицейлердің сыпайы болуы қиын екенін айтты

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары тиісті жұмыс жағдайына қатысты ой бөлісті.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Елімізде тіркелетін барлық қылмыстық істердің 96% пайызын, ал әкімшілік өндірістің 97% пайызын ішкі істер органдары жүргізеді. Оған қоса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 39 түрі бойынша, жыл сайын 10 миллилннан астам қызмет көрсетеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Яғни, халықпен ең жиі және тығыз жұмыс жасайтын орган – ол полиция. Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне қарап, билік туралы жалпы көзқарас қалыптасады. Соны ескеріп, қазір Қазақстанның полициясы заманауи сервистік модельге көшіп жатыр. Оның негізгі принциптері – заңдылық, жан-жақты, әдепті, хабардар және жедел болу», - деді брифингте сөзін бастаған ол.

Жалпы, Қожаев қазір қоғамның полицияға деген сұранысы мен үміті өте үлкен екенін, бұл сұранысқа сай болу міндет екенін айта келе, жұмыстағы жағдай дұрыс болмаса, полиция үшін бұл міндетті арқалап жүру де оңай болмайтынын алға тартты.

«Тиісті жұмыс жағдайы болмаса, оған қол жеткізу аса қиын. Өз кезегінде бұл мәселеде проблема аз емес. Атап айтқанда, тұрақсыз жұмыс күн тәртібі, демалыссыз қызмет атқару, артық есептермен жүктеу, жұмыстың «көрсеткіштермен» шектелуі, төмен жалақы, көлік және техниканың жетіспеуі. Бұл проблемалар ұжымдағы моральдық жағдайға кері әсерін тигізіп отырды. Мұндай жағдайда сервистік модель туралы айту ақылға сыймады. Ескі ғимаратта, төмен айлықпен, күн-түн демей, демалыссыз қызметте жүрген, шаршап-шалдыққан қызметкерден «Сыпайы бол, ызаланба, мейірімді бол!» деп талап ету оңай емес», - деді ол брифингте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#полиция