Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ташкенттегі әлем чемпионатының жартылай финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz.
54 келі салмақта өнер көрсететін ол Гананың боксшысы Мохаммед Амадуды жеңді.
Енді А рингінде сегізінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен қолғап түйістіреді.
Сондай-ақ Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.