$ 498.34  519.72  4.85

Медеудегі өрттен қаза тапқан Құрманбековтің отбасына 13 млн теңге беріледі

Сонымен қатар жерлеуге жұмсалған шығындарына 600 мың теңге көлемінде өтемақы төленетін болады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан қызметкер Арслан Құрманбековтің мұрагерлеріне оның алпыс айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) – шамамен 13 млн теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетінін мәлімдеді.  

Сонымен қатар жерлеуге жұмсалған шығындарына 600 мың теңге көлемінде өтемақы төленетін болады.

«Жерлеу бойынша барлық шығындарды Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды. ТЖ министрлігі Президент Әкімшілігіне мемлекеттік наградаға қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші А.Ж.Құрманбековті марапаттау туралы ұсыныс енгізді.

Сонымен қатар Алматы қаласы әкімдігінің атына әлеуметтік көмек тәртібінде А.Құрманбековтің анасына тұрғын үй бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолданды», – деп жазды ведомстводан.

ТЖД таратқан хабарламаға қарағанда, өзге де қосымша көмек көрсету мәселелері пысықталуда.

ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары