11.05.2023, 11:40

Абылай Мырзахметовтың не үшін ұсталғаны белгілі болды

Фото: tengrinews.kz
Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды.

Антикор Мырзахметовтың ұсталу себебі жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"10 мамырда Антикоррупциялық қызмет «Атамекен» Қазақстан Республикасы ҰКП Басқармасының экс-төрағасы А.И. Мырзахметовті ұстады. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдіктенеді. Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды”, – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.

Еске салайық, бұдан бұрын Антикор «Атамекен» ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты тергеу басталғаны туралы ақпаратты растаған.

Тегтер: антикор