11.05.2023, 16:40

Теннистен 16 жасқа дейінгі ел құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды

Фото: ktf.kz
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, қазақстандықтар ширек финалда әлемдегі үздік құрамалардың бірі - Аустралияны ұтты.

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша әлем чемпионатына жолдама алған төрт команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, қазақстандықтар ширек финалда әлемдегі үздік құрамалардың бірі - Аустралияны ұтты.

Алдымен Заңғар Нұрланұлы Лахлан Макфадзенді 5:7, 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін Әмір Омарханов Джейк Дембоны жеңді - 6:2, 6:3.

Осылайша, 16 жасқа дейінгілер арасында күзде Испанияның Кордоба қаласында өтетін командалық әлем чемпионатында Қазақстаннан қыздармен қатар ұлдар құрамасы да алғаш рет өнер көрсетеді.

Ертең Оңтүстік Кореямен өтетін жартылай финалдық матч ештеңені шешпейді. Өйткені Қазақстан, Оңтүстік Корея және Жапония әлем чемпионатына жолдама алды.

Төртінші жолдама иесі Өзбекстан мен Таиланд арасындағы кездесуде анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Рим мастерс турнирін сәтті бастады.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Рим мастерс турнирінің екінші айналымына шықты.

Теннистен Билли Джин Кинг кубогінің финалдық турнирі Испанияда өтеді.